С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында оқушылар арасында
«Мектеп формасын сақтамаған оқушыларға шара қолдану дұрыс па?» тақырыбында қызу пікірталас өтті.
Дебат барысында қатысушылар өз көзқарастарын еркін білдіріп, дәлелді ой айтып, қарсы тараптың пікірін тыңдай отырып, сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. Іс-шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, мектеп мәдениеті мен тәртіп мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
#ҰшқырОйАлаңы #ОқушыларДебаты #СыниОйлау #МектепФормасы #Пікірталас
С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте 2026 жылдың 27 қаңтар күні Отырар АПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы инспекторларының қатысуымен маңызды жиыны болып өтілді. Іс-шараға мектептің 8–11 сынып оқушылары қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – оқушыларға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың, сондай-ақ алаяқтықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.
Отырар АПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚТ аға инспекторы, полиция капитаны З. Надированың баяндамасы тыңдалды. Ол оқушыларға заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздік және құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндірді.
Отырар аудандық Отбасын қолдау орталығының психолог маманы М. Өсербай «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында сергіту тренингін өткізіп, жасөспірімдердің психологиялық саулығы жайында пайдалы кеңестер берді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, мамандарға сұрақтар қойып, маңызды ақпарат алды.
Осындай түсіндірме жұмыстары жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттырып, қауіпсіз әрі саналы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
МЕКТЕП АСХАНАСЫ
Бүгінгі ыстық тамақтың ұйымдастырылуы.
26.01.2026 күні
С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде "Асхананың санитариялық- эпидемиологиялық талапқа сай болуы және оқушылардың ыстық тамағының сапасын тексеру" мақсатында 26 қаңтар күні бракераждық комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеру жұмысын жүргізді. Күнделікті дайындалған тағам ас мәзірімен сәйкес келеді. Оқушыларымыздың дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп КММ де «Балаға жайлы орта қалыптастыру – ата-ананың басты міндеті» тақырыбында ата аналар жиналысы болып өтті. Жиын барысында МДТІЖО Ш. Ешенкулова « Қауіпсіз балалық шақ-жарқын болашық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Әлеуметтік педагог П.Пәсетов «Балаға жайлы орта қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқып. Осал топ оқушылардың критерийларын түсіндіріп, тәуекел топ, ішкі есепке алу ережелерімен таныстырды.
Баланың бақытты, сенімді, жан-жақты дамыған тұлға болып өсуі ең алдымен отбасындағы ортаға байланысты. Үйдегі жылулық, түсіністік пен қолдау – баланың өзін қауіпсіз сезінуіне негіз болады.
Ата-ананың мейірімі, баламен ашық әңгіме, оның пікірін тыңдай білу – тәрбие берудің ең тиімді жолы. Сонымен қатар баланың бос уақытын, әлеуметтік желі мен интернетті пайдалануын бақылау – қазіргі заман талабы.
Бала ата-ананың сөзінен гөрі ісіне қарап тәрбие алады. Сондықтан өзіміз үлгі болып, балаға жайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру – әрбір ата-ананың ортақ жауапкершілігі.
Бала бақытты болса – болашақ нұрлы болады!
С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23 қаңтар күні мектеп аға тәлімгері А.Нарбаеваның ұйымдастыруымен оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, математика пәнге қызығушылығын аттыру мақсатында 3- сынып оқушыларына көңілді үзіліс өткізілді. #біртұтастәрбие #көңілдіүзіліс
Бүгін С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте 9 сынып оқушыларымен “Буллингтің және кибербуллингтің алдын алу “ тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды . Педагог психолог Д . Мырзахметова мен сынып жетекші Г. Мыңжанова оқушыларға буллинг пен кибербуллинг туралы түсінік беріп, алдын алуда оқушылардың батыл шешімдері үлкен рол атқаратынын түсіндірді . Оқушылар өз іс әркеттерінің салдары неге апаратынын толық түсіну үшін ситуациялық тақырыптар беріліп, оқушылармен талқылау болды . Анонимді сауалнама алынды .
«Бекзат өнер иесі – ақиық ақын Бекарыс»
2026 жылдың 21 қаңтарында С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде айтыскер ақын, сөз өнерінің хас шебері Бекарыс Шойбековпен тағылымды кездесу өтті.
«Бекзат өнер иесі – ақиық ақын Бекарыс» тақырыбында ұйымдастырылған бұл рухани шараның мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтау, жас ұрпақтың поэзияға, айтыс өнеріне деген қызығушылығын арттыру болды. Кездесу барысында ақын өз өмір жолы, шығармашылық ізденістері, айтыс сахнасындағы қызықты сәттері туралы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шара барысында оқушылар ақынның суырыпсалмалық шеберлігіне куә болып, рухани азық алды. Кездесу жас өрендерге өнерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтарды қадірлеудің маңызын ұғындырды.
Осындай мазмұнды кездесулер өскелең ұрпақтың бойына өнерге, сөз құдіретіне деген құрметті қалыптастыратыны сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында V Ұлттық Құрылтай өтіп жатыр. Жиын барысында Президент:
«Біз білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салатын болдық. Себебі адам капиталының сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет.
Бұл, әсіресе, ел дамуының қазіргідей тарихи, бетбұрысты кезеңінде халқымыздың болашағына тікелей әсерін тигізеді.
Ең бастысы – бұл жоспарлар жұртты құр уәдемен жарылқайтын тұсаукесер рәсімдері мен форумдардың көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Біз пиар-акциялар мен көз алдайтын жалған ілгерілеуге емес, нақты жетістікке ұмтылуымыз қажет.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз. Бұл шешім бүкіл мемлекеттік аппаратқа нақты міндет жүктеп отыр. Бұл – стратегиялық міндет.
Сондықтан мемлекет үшін айрықша маңызды осы міндетті орындауға қатысты талап та өте жоғары болмақ. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі нақты әрі көзге көрінетін көрсеткіштермен өлшенуге тиіс. Атап айтқанда, шешім қабылдау мерзімін қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және қызмет сапасын жақсартуға оң ықпал етуі керек»,- деп атап өтті.
«С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 20 қаңтар күні мектеп аға тәлімгері А.Нарбаеваның ұйымдастыруымен оқушылардың білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығын дамыту, тарихи сананы қалыптастыру, топпен жұмыс жасауға үйрету мақсатында 9–10 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты зияткерлік ойын өткізді.
Зияткерлік сайысқа 3 топ қатысып, ойын 5 кезең бойынша өтті:
1. «Бәйге»
2.«1 минут – 1 шешім»
3.«Сөз шебері»
4. «Тарих толқынында»
5. «Жорға»
Оқушылар әр кезеңде өздерінің білімін, жылдамдығын, ой ұшқырлығын және шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Тарих, әдебиет, логика және жалпы білім бағытындағы сұрақтар оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Сайыс соңында қатысушылар
«Ең білімді топ», «Ұшқыр ой иелері», «Белсенді топ» номинацияларымен марапатталды.
Бұл сайыс оқушыларға жаңа білім беріп қана қоймай, олардың өзара ынтымақтастығын арттырып, білімге деген құштарлығын оятты.
С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде "Жас қанат" дебат үйірме жетекшісі Ұ. Құлтаеваның ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылар арасында "Мектеп пен қоғамдағы тәртіп бір бірімен тығыз байланысты ма?"тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі пікірсайыс өтті. Бұл пікірсайыстың басты мақсаты; оқушыларға мектептегі тәртіп пен қоғамдағы тәртіптің өзара тығыз байланысын түсіндіру, тәртіптің жеке тұлғаның қалыптасуына және қоғамның дамуына тигізетін әсерін саралау. Пікірсайыс барысында қатысушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізе білуге үйрету, қарсытараптың пікірін құрметтей отырып, мәдениетті түрде талқылау дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, оқушылар ды мектептегі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінуге, оны болашақтағы қоғамдық өмірімен байланыстыра білуге бағыттау. Пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру және ой еркіндігі дамыту болды. Дебатқа оқушылар белсенді қатысып, өз позцияларын дәлелді пікірмен қорғап, терең ой, жан жақты талдау, сыни көзқарас таныта білді.
Пікірсайыс барысында оқушылар жастардың ел ертеңін қалыптастырудағы рөлі туралы өз көзқарастарын ортаға салып жаңа буынның белсенді, жаңашыл болуы қажет екенің атап өтті. Пікірсайыста екі тарапта жақсы пікірлерін айтты.
С. Ерубаев мектебінің 10 сынып оқушыларының үндеуі
Сынып жетекшісі: Ешова Қаламқас
2026 жылы Қазақстанда есірткі қылмысы бойынша 15 мыңнан астам іс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға артқан.
Бұл – баршамызды алаңдататын маңызды мәселе.
Есірткіге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Жастарды ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы ғана біз бұл қауіптің алдын ала аламыз.
Болашағымыз – өз қолымызда!
Есірткіге жол жоқ!