С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Кітапхан

Түркістан облысы, Отырар ауданы, "С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім ол беретін мектеп" КММ 03.03.2026 ж күні кітапханашы Клара Әзімханованың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектепішілік мұғалімдер арасында "Кітапхан@" кітап оқу жобасының V- ші айналымы болып өтті. Мақсаты: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығармаларды сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру . Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау. Сайысқа:
1. Математика пәнінің мұғалімі, Г. Көбеева, Б. Майлиннің "Күлпаш" кітабымен.
2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж. Оразов, Д. Исабековтің "Бекет" кітабымен.
3. Физика пәнінің мұғалімі М. Жұматай, М. Әуезов тің "Үйлену" кітабымен.
4. Математика пәнінің мұғалімі Ш. Қалдаяқов туралы естеліктер "Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған" кітабымен қатысты. Қатысушы ұстаздарымыз өте жоғары деңгейде қорғап шықты. Оқырмандардың жүрегіне жеткізе білді. "Кітапхан@" жобасының V - ші айналымын қорытындылай келе мектепішілік жылдық кезеңіне физика пәнінің мұғалімі Жұматай Мереке апайымыз жолдама алды.
Оқырмандарымыз қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуын қаласақ кітап оқуға шақырамын.