Тіліңізді таңдаңыз

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қыз абыройы – ұлт абыройы» тақырыбында жиналыс

С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте 08.09.2026 ж "Қызғалдақ" қыздар ұйымының «Қыз абыройы – ұлт абыройы» тақырыбында жиналыс болып өтті.
Мақсаты:
Қыз балалардың бойына әдептілік, инабаттылық, жауапкершілік, білімге құштарлық және өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін қалыптастыру.
Күн тәртібі:
Қыз баланың әдебі мен көшбасшылық мәдениеті.
2.Мектептің ішкі тәртіп ережелері және құқықтық жауапкершілік
3.2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру
4.Қыздар кеңесінің мүшелерін сайлау.
Сөз басында қыздар ұйымының жетекшісі А. Сыздыкова баяндама жасап, қыздарға пайдалы кеңестер айтты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Ешенқұлова апайымыз мектеп формасы, тазалық туралы айтып өтті. Мектеп мейіргері Р. Жарылқасынова өз кезегінде гигиена туралы сөз етті. Жиналыс соңында қыздар мектеп ережелерімен танысты, қыздар кеңесінің мүшелерін сайлады.
# С. Ерубаев мектебі
# Қыз тәрбиесі
# Адал азамат