С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Бракераждық комиссияның ыстық тамақтың берілуін қадағалауы

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде ыстық тамақ қыркүйек айынан бастап бір ауысым бойынша ұйымдастырылып, жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Асхана қызметкерлерінің жұмысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бракераждық комиссия айына бір рет тексеріп отырады.

2026 жылдың 25 ақпан күні кезекті бракераждық тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайы талапқа сай екені анықталды.

Тамақ сапасы жақсы, тағамдар күнделікті мәзірге сай дайындалады.