С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Алғыс айту күні – ризашылық пен құрметтің мерекесі!

Алғыс айту күні – ризашылық пен құрметтің мерекесі!

Алғыс айту күні – ризашылық пен құрметтің мерекесі!
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебімізде аға тәлімгер А. Нарбаеваның бастамасымен мазмұнды әрі жүрекке жылу сыйлаған шара ұйымдастырылды. Шара аясында оқушыларымыз ұстаздар мен мектеп ұжымына шынайы ықыластарын білдіріп, ақжарма алғыс-тілектерін жолдады.
Бұл мереке – сыйластық пен ізеттілікті дәріптеп, адал еңбекті бағалауға үндейтін ерекше күн. Мектеп өміріне үлес қосып жүрген әрбір жанға құрмет көрсетіліп, жүрекжарды ризашылық сөздері айтылды.
Алғыс айту – кең пейіл мен биік мәдениеттің белгісі. Осындай игі бастамалар мейірім мен татулықтың нығаюына жол ашады.
#АлғысАйтуКүні
#Біртұтастәрбие