С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Алғыс айту мерекесімен қатар «Ынтымақ» сынып жетекшілер бірлестігінің ашылу салтанаты өтті.
Бұл игі шара – ұстаздар арасындағы татулық пен бірлікті нығайтып, тәрбиелік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама. «Ынтымақ» бірлігі – тәжірибе алмасып, шығармашылықпен жұмыс жасап, шәкірт тәрбиесінде жаңа белестерді бағындыруға жол ашатын бірлік боларына сеніміміз мол.
Алғыс айту күні – мейірім мен ризашылықтың, сыйластық пен құрметтің мерекесі. Осындай айтулы күнде бастау алған жаңа бірлік ұжымға тек табыс пен береке әкелсін!
Барша ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт, бірлік пен толағай жетістік тілейміз Алғыс айту мерекесімен қатар «Ынтымақ» сынып жетекшілер бірлестігінің ашылуы





