"Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор."
С.Ерубаев атындағы ШЖЖББ мектебінде "Зерек" ПӘБ-нің айлық жоспарына сәйкес 27.02.2026 күні биология пәні мұғалімі М.Оразалиева "Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары. Резус-фактор." тақырыбында 9-сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Биология пәнінен өткен ашық сабақ өте мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты нақты қойылып, оқушыларға түсінікті тілде жеткізілді. Мұғалім жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып түсіндірді, бұл оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер (топтық жұмыс, тәжірибелік тапсырмалар, сұрақ-жауап) тиімді қолданылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе алды. Көрнекіліктер мен интерактивті материалдар орынды пайдаланылып, тақырыптың терең меңгерілуіне ықпал етті.
Сабақ құрылымы жүйелі, уақыт тиімді бөлінген. Бағалау кезеңі әділ әрі нақты критерийлерге негізделген. Жалпы алғанда, ашық сабақ өз мақсатына жетті.





