С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Жасанды интеллект – мұғалімнің цифрлық көмекшісі»

🎉 Педагогикалық сайыс қорытындысы 🎉

Мектебімізде «Жасанды интеллект – мұғалімнің цифрлық көмекшісі» тақырыбында педагогикалық сайыс өтті.

📌 Сайыстың мақсаты:
Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесін насихаттау және кәсіби шеберлігін дамыту.

Сайыс барысында ұстаздарымыз өздерінің шығармашылығын, жаңашылдығын және заманауи технологияларды меңгеру деңгейін жоғары деңгейде көрсетті.

🏆 Бас жүлде – ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Сыздықоваға бұйырды!
Шын жүректен құттықтаймыз! 👏✨

Сайысқа белсенді қатысқан ұстаздар:
🔹 ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Сыздықова
🔹 биология пәні мұғалімі Ш.Оразбеков
🔹 ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Мынжанова
🔹 үйірме жетекшісі А.Дүйсенбай
🔹 АӘТД пәні мұғалімі Ж.Медеубек

Барлық қатысушыларға кәсіби белсенділігі мен шығармашылық ізденісі үшін алғыс білдіреміз! 🌟

Ұстаздарымызға жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілейміз!