С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп 5-сынып оқушыларымен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараны мектеп кітапханашысы Әзімханова Клара апай мен сынып жетекшісі Орынбасар Арайлым ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар қазақ халқының ұлы ақыны, жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, нақыл сөздері айтылды. Сонымен қатар, Жамбылдың айтыс өнеріндегі шеберлігі мен халыққа деген сүйіспеншілігі туралы мағлұматтар берілді.
Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және Жамбыл мұрасын дәріптеу болды.
Ұлы тұлғаның өнегелі өмірі мен өшпес мұрасы – келер ұрпаққа мәңгілік тағылым!
#ЖырАлыбыЖамбыл
#РуханиТәрбие





