Абай – Дана, Абай – Дара Қазақстанда
Менің арманым – менің мүмкіндігім» челленджі
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Менің арманым – менің мүмкіндігім» челленджі балалардың асқақ армандары мен жарқын болашаққа деген сенімін дәріптеуге бағытталды.
Әрбір баланың арманы – оның мақсатқа жету жолындағы алғашқы қадамы. Бүгінгі бүлдіршіндердің қиялы мен талпынысы ертеңгі ел дамуының кепілі. Сондықтан балалардың арманын қолдап, олардың қабілетін шыңдап, мүмкіндіктерін арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Барша бүлдіршіндерді мерекемен құттықтай отырып, армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық, болашақтарыңыз жарқын болсын демекпіз! Әрқашан бақытты балалық шақтың шаттығын сезініп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
“Қош бол, бастауыш!
15.05.2026ж Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып жетекшісі Жумабаева Розаның ұйымдастыруымен 4-сынып оқушыларына арналған “Қош бол, бастауыш !” атты салтанатты ертеңгілік кеші жоғары деңгейде өткізілді.
Бұл кеш – бастауышпен қоштасып, білімнің жаңа белесіне қадам басқалы тұрған жас түлектер үшін ерекше де әсерлі сәт болды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, көрініс көрсетіп,жүрекжарды өлеңдерін арнады. Сонымен қатар, ұстаздарына деген ыстық ықыластары мен алғыстарын білдіріп, ата-аналарына ризашылықтарын жеткізді.Ата-аналар мен ұстаздар шәкірттердің есейіп, жаңа белеске қадам басуына ақ тілектерін арнады.
Осындай тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырған ұстаз Роза апайға алғыс білдіреміз!
Бастауышпен қоштасқан жас түлектерге сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз!
#Қош бол, Бастауыш!
#С.Ерубаев Мектебі
С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып жетекшісі Ұ. Құлтаева «Заң және Тәртіп» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға заңды құрметтеу, тәртіп сақтау, құқық пен міндетті білу туралы түсінік беру, жауапкершілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу, мектеп ережесін сақтау және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Сынып сағаты жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке және қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеуде маңызды болды
25 мамыр күні С.Ерубаев атындағы ШЖЖББМ-де ерекше әсерге толы «Соңғы қоңырау – 2026» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Бұл күн – мектеп қабырғасындағы қызықты сәттер мен жарқын естеліктерге толы оқушылардың алтын ұя мектебімен қоштасу күні. Салтанатты кеш барысында ұстаздарға, ата-аналарға және мектеп ұжымына шынайы алғыстар айтылып, түлектер жүрекжарды тілектерін жеткізді. ![]()
Іс-шарада әндер шырқалып, әсерлі билер биленіп, мектеп өмірінен сыр шертетін естеліктер айтылды. Әсіресе, соңғы қоңырау үні барша жиналған қауымға ерекше толқыныс сыйлады. ![]()
Қадірлі түлектерге ақ жол тілейміз! Алдағы өмірлеріңіз жарқын жетістіктер мен биік белестерге толы болсын! ![]()