С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Жаңалықтар
"Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі "
"Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі "
С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 2026-2027 оқу жылында Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
1 қыркүйек – Білім күні мектебімізде адалдық пен академиялық адалдық қағидаттарын насихаттауға бағытталған бірыңғай парасаттылық сынып сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, ашықтық және академиялық адалдық құндылықтарын қалыптастыру, білім алушыларды өз еңбегін бағалауға және білім алудағы адалдық қағидаттарын сақтауға баулу.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға академиялық адалдықтың маңызы түсіндіріліп, көшіріп алу, дайын жұмысты пайдалану, өзгенің еңбегін иемдену сияқты әрекеттердің білім сапасы мен жеке тұлғаның қалыптасуына кері әсері туралы айтылды.
Сонымен қатар, адал еңбек пен сапалы білімнің әрбір адамның болашағы үшін маңызы кеңінен талқыланды.
Мұндай іс-шаралар білім алушылар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы адалдық құндылықтарын нығайтуға және өскелең ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған.
Адалдық – адамдықтың негізі, академиялық адалдық – сапалы білімнің кепілі!