Тіліңізді таңдаңыз

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

БІЛІМДЕГІ БИІК НӘТИЖЕ – ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ!

🏆 БІЛІМДЕГІ БИІК НӘТИЖЕ – ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ! 🎓
Мектебіміздің білім сапасы мен шәкірттеріміздің жетістігі тағы бір мәрте өз нәтижесін көрсетті!
🥇 ҰБТ-2026 нәтижесі бойынша мектебіміз аудан көлемінде І орынға ие болған, тағы сүйіншілейтін қуаныш– биылғы оқу жылында мектеп бітіруші түлектеріміздің 100%-ы жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, студент атанды! 🎉👏
Бұл жүйелі жұмыстың және ортақ мақсатқа жұмылған ұстаз, оқушы, ата-ана еңбегінің нәтижесі.
Құрметті түлектер! ❤️
Сіздерді осы айтулы жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы студенттік өмірлеріңіз сәттілікке, ізденіске және жарқын жеңістерге толы болсын. Таңдаған мамандықтарыңыздың білікті маманы болып, ел игілігіне қызмет ететін азамат болуларыңызға тілектеспіз!
Ұстаздарымызға – еселі еңбектері үшін, ата-аналарымызға – қолдауы мен сенімі үшін алғысымызды білдіреміз! 💐