Тіліңізді таңдаңыз

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Мектебім, саған мың алғыс!»

«Мектебім, саған мың алғыс!» 🎓

25 мамыр күні С.Ерубаев атындағы ШЖЖББМ-де ерекше әсерге толы «Соңғы қоңырау – 2026» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.

Бұл күн – мектеп қабырғасындағы қызықты сәттер мен жарқын естеліктерге толы оқушылардың алтын ұя мектебімен қоштасу күні. Салтанатты кеш барысында ұстаздарға, ата-аналарға және мектеп ұжымына шынайы алғыстар айтылып, түлектер жүрекжарды тілектерін жеткізді. 💐

Іс-шарада әндер шырқалып, әсерлі билер биленіп, мектеп өмірінен сыр шертетін естеліктер айтылды. Әсіресе, соңғы қоңырау үні барша жиналған қауымға ерекше толқыныс сыйлады. 🔔

Қадірлі түлектерге ақ жол тілейміз! Алдағы өмірлеріңіз жарқын жетістіктер мен биік белестерге толы болсын! ✨