Тіліңізді таңдаңыз

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

С.Ерубаев атындағы ШЖЖББ мектебі жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру. Балалар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, түрлі танымдық ойындар мен викториналарға қатысты. Сонымен қатар, оқушылар көк Туымызды мақтанышпен ұстап, еліміздің рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің нышаны. Сондықтан оларды қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін! 🇰🇿