С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Жігіт сұлтаны – 2026»

«Жігіт сұлтаны – 2026»

«С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

30 қаңтар күні мектеп аға тәлімгері Нарбаева Ақеркенің ұйымдастыруымен 5–8 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны – 2026» атты сайыс жоғары деңгейде өткізілді.

Сайыстың мақсаты – қазақ жігітінің бойындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қатысушылардың жан-жақты қабілеттерін дамыту, өнер мен білімді қатар ұштастыра отырып, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыру.

Сайыс 6 кезең бойынша өтті:

Бірінші кезең – «Тегін білу – тектілік» - бұл кезеңде қатысушылар өздерінің шыққан тегі мен отбасылық құндылықтары туралы таныстырылым жасады.

Екінші кезең – «Мен армандаған мамандық» - оқушылар жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнероликтер арқылы болашақ мамандықтарын таныстырды.

Үшінші кезең – «Көңілі ояу, көзі ашық» - білім мен тапқырлықты талап ететін сұрақ-жауап кезеңі болды.

Төртінші кезең – «Өнерлі өрге жүзер» - қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Бесінші кезең – «Нысанаға нық тигізу» - сайыскер жігіттер нысаны көздеудегі шеберлігін көрсетті.

Алтыншы кезең – «Шебердің қолы ортақ " -қолөнер бұйымдарын бейнеролик арқылы таныстыруға арналды.

Сайыс барысында оқушылардың білімділігі, өнері, ептілігі, шапшаңдығы мен ұлттық рухы айқын көрініс тапты. Әр кезең мазмұнды да тартысты өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.

Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылардың өнері мен қабілеттері әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде келесі номинациялармен марапатталды:

«Креативті жігіт» – Алпысбай Нұрахмет.

«Шымыр жігіт» – Сәрсенбай Сүндет

«Алғыр жігіт» – Жаңабай Дархан

«Өнерпаз жігіт» – Жаңабай Асыл.

«Дарынды жігіт» – Сартай Дархан.

Ал сайыс барысында барлық кезеңнен жоғары нәтиже көрсетіп, ерекше көзге түскен Полат Асылхан бас жүлдеге ие болып, «Жігіт сұлтаны – 2026» атағын жеңіп алды.

Аталған тағылымды іс шара оқушылардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, ер азаматқа тән асыл қасиеттерді дәріптеуге, жас ұрпақты тәрбиелі, өнерлі, білімді азамат етіп тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.

#біртұтастәрбие

#жігітсұлтаны2026