С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“ Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі

С.Ерубаев мектебінде ААПҚ жоспарына сай бүгін 2 сынып оқушыларымен “ Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі “ тақырыбында Балхадиша әжемен кездесу болды . Қасымхан Талшынның әжесі немересінің сыныптастарына “ Төрт түліктің айтысы “ тақырыбындағы ертегі айтып берді . Балалар мұқият тыңдап , үй жануарларының пайдасы туралы түсінік алды . Өздерінің үйінде қандай жануарлар бар екенін , оның етін , сүтін , жүнін, терісін күнделікті өмірде пайдалып отырғанын айтты . Балалар әжеге рахмет айтып , келесіде ертегіні өздері оқып келетінін айтты . Балхадиша әже оқушыларға ертегіні оқып, өз ойын жеткізе білген адам болашақта білімді болатынын түсіндірді . Сынып жетекшісі Э .Мүсірепова мен педагог психолог Д .Мырзахметованың ұйымдастыруымен өткен басқосуда оқушылардың ертегіге деген қызығушылықтары артты