С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері»

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларымен «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жаз — балалар үшін ең көңілді әрі қызықты мезгіл. Демалыс уақытында түрлі ойындар ойнап, табиғат аясында серуендейміз. Алайда әрбір оқушы өзінің қауіпсіздігін ұмытпауы керек.

Оқушыларға:

✅ Күннің ыстық уақытында бас киім кию;

✅ Су жағасында үлкендердің қарауынсыз жүрмеу;

✅ Жолда жүру ережелерін сақтау;

✅ Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу;

✅ Өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау;

✅ Табиғатта тазалық сақтау туралы маңызды мәліметтер түсіндірілді.

Сонымен қатар балаларға қауіпсіз демалыстың маңызы айтылып, жазғы демалысты пайдалы әрі көңілді өткізуге кеңестер берілді.

«Қауіпсіздік — әр адамның басты міндеті!»

Барша оқушыларға қауіпсіз, қызықты әрі жарқын жазғы демалыс тілейміз! ☀️

Сынып жетекшісі: Орынбасар Арайлым