С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Жасөспірім тәрбиесіндегі ата-аналар мен мектептің ортақ жауапкершілігі»

Бүгін С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 10 сынып жетекшісі Қ.Ешова ата-аналарымен «Жасөспірім тәрбиесіндегі ата-аналар мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жиналыс өтті.

Жиналыс барысында жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері, олардың дұрыс қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлар талқыланды. Ата-аналар мен мұғалімдер арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балаға дұрыс бағыт-бағдар беру жолдары қарастырылды. Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

Осындай кездесулер – болашақ ұрпақтың тәрбиелі, саналы азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

🤝 Бірлесе жұмыс атқару – табыстың кілті!