С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Жас қанат" дебат

С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде "Жас қанат" дебат үйірме жетекшісі Ұ. Құлтаеваның ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылар арасында "Мектеп пен қоғамдағы тәртіп бір бірімен тығыз байланысты ма?"тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі пікірсайыс өтті. Бұл пікірсайыстың басты мақсаты; оқушыларға мектептегі тәртіп пен қоғамдағы тәртіптің өзара тығыз байланысын түсіндіру, тәртіптің жеке тұлғаның қалыптасуына және қоғамның дамуына тигізетін әсерін саралау. Пікірсайыс барысында қатысушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізе білуге үйрету, қарсытараптың пікірін құрметтей отырып, мәдениетті түрде талқылау дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, оқушылар ды мектептегі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінуге, оны болашақтағы қоғамдық өмірімен байланыстыра білуге бағыттау. Пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру және ой еркіндігі дамыту болды. Дебатқа оқушылар белсенді қатысып, өз позцияларын дәлелді пікірмен қорғап, терең ой, жан жақты талдау, сыни көзқарас таныта білді.

Пікірсайыс барысында оқушылар жастардың ел ертеңін қалыптастырудағы рөлі туралы өз көзқарастарын ортаға салып жаңа буынның белсенді, жаңашыл болуы қажет екенің атап өтті. Пікірсайыста екі тарапта жақсы пікірлерін айтты.