Мектебімізде «Үздіктер шеруі – 2026» салтанатты марапаттау кеші ұйымдастырылып өтті. Кеш барысында оқу озаттары, түрлі байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан дарынды оқушылар марапатталды.
Бұл мереке – білім мен еңбектің, талап пен талпыныстың жеңісі. Жас жеткіншектеріміздің жетістігі – ұстаздар мен ата-аналардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!





