"Туған өлкенің көрікті жерлерінен – Қазақстанның киелі жерлеріне"
С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде аудан көлемінде ұйымдастырылған тарихи-танымдық саяхат жоғары деңгейде өтті.
Аталған шара Сапар орталығы, Отырар қалашығы және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі бағыттарында жүзеге асты.
Саяхат барысында оқушылар туған өлкенің тарихымен танысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи орындардың маңыздылығын терең түсінді. Бұл – жас ұрпақтың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыратын тағылымы мол шара болды.
Іс-шараны «Өлкетану" үйірмесінің жетекшісі М.Жусипова және мектептің аға тәлімгері А.Нарбаева ұйымдастырды.





