С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Таза Қазақстан"

Отырар ауданы С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп КММ “Таза Қазақстан" экологиялық жобасы аясында сенбілік жүргізілді. Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі. Табиғатты аялау оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Тазалық жұмыстарына мектеп қызметкерлері белсене қатысып, мектеп ауласы мен айналасын қоқыстан тазартып, көркейту жұмыстарын жүргізді.

Осындай игі бастамалар арқылы табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілік сезімі арта түсуде.

Таза орта – дені сау, жарқын болашақтың кепілі! 🌿