С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Табиғатты аяла – болашақты сақ

"Табиғатты аяла – болашақты сақта!"

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары табиғатты қорғау мақсатында ағаш егу экочелленджін өткізді.

Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатқа жанашырлықпен қарау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқушылар мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл игі іс – болашаққа жасалған үлкен қадам. Әр отырғызылған ағаш – келер ұрпаққа қалдырылған аманат.

🌱 Табиғатты бірге қорғайық!

#Біртұтас_тәрбие