Табиғат аясында кітап оқу – ерекше әсер мен рухани демалыс сыйлайтын тамаша мүмкіндік
Табиғат аясында кітап оқу – ерекше әсер мен рухани демалыс сыйлайтын тамаша мүмкіндік ![]()
![]()
7-сынып оқушылары табиғат құшағында бас қосып, «Кітап оқимыз» атты танымдық іс-шара өткізді. Ашық аспан астында, таза ауада өткен бұл шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге зор ықпал етті.
Оқушылар өздері таңдаған шығармаларын оқып, бір-бірімен пікір алмасып, алған әсерлерімен бөлісті. Табиғат пен кітаптың үйлесімі балаларға ерекше шабыт сыйлап, оқуға деген құштарлықтарын арттырды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, білімге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. ![]()
![]()





