"Саз өнеріндегі өлкетану"
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларымен "Саз өнеріндегі өлкетану" тақырыбында жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді.
Оқушыларымыз туған өлкенің дарынды ақын-жазушыларының өлеңдерін мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген қызығушылықтарын көрсетті. Әрбір шығарма арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет айқын сезілді.
Іс-шараға жетекшілік еткен:
Кітапханашы – Әзімханова К.
Сынып жетекшісі – Мыңжанова Г.
Мұндай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен үлес қосады.





