С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Сабақтағы оқушы мотивациясын арттыру жолдары"

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте "Сабақтағы оқушы мотивациясын арттыру жолдары" тақырыбында коучинг өтілді. Қатысушылар оқушы мотивациясы туралы ойларын ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Топтық жұмыс барысында мұғалімдер оқушының мотивациясын арттыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді анықтап, постер қорғады. Талқылау кезінде мадақтау, кері байланыс, оқушыны қолдау, ойын элементтері және белсенді оқыту әдістерінің тиімділігі айтылды. Нәтижесі:

Коучинг барысында мұғалімдер оқушы мотивациясының оқу сапасына тікелей әсер ететінін түсініп, сабақта қолдануға болатын жаңа тәсілдермен танысты. Қатысушылар белсенділік танытып, коучингтен жағымды әсер алды.

Қорытындылай келе, оқушы мотивациясын арттыру – мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Коучинг мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, сабақ үдерісін жетілдіруге бағытталды.