С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ой салған оқылымдар»

«Ой салған оқылымдар»

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 8-9 сынып жетекшілері М.Жұматай мен Г.Мыңжанованың ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары арасында «Ой салған оқылымдар» тақырыбында Балалар кітапханасы жобасы аясында танымдық шара ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жеткізуге үйрету және кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Шара барысында оқушылар өздері таңдаған кітаптарын таныстырып, мазмұнын қарапайым тілмен әңгімелеп, сүйікті кейіпкерлері туралы айтып берді. Оқырмандардың белсенділігі ерекше байқалды.

#Ой салған оқылымдар

#балаларкітапханасы