С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 6-сынып жетекшісі Оразбеков Шалқар «Өнегелі 15-минут » жобасы аясында оқушыларға мектеп музейін таныстырды.
Мектеп музейі – өткен мен бүгінді жалғайтын рухани алтын көпір. Бұл – тарихымызды танып, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге баулитын ерекше білім ордасы.
Мектеп музейінің басты мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи санасын қалыптастыру және ұлттық рухты нығайту. Мұнда өткізілетін экскурсиялар мен тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, отансүйгіштік қасиеттерін дамытады.
Музей – тек жәдігерлер сақталған орын ғана емес, ол – тәрбиенің, танымның, рухани жаңғырудың орталығы.





