С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Наурызнама»

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай «Наурызнама» онкүндігі аясында 23 наурыз Тазару күніне байланысты мектеп жанында ауыл ақсақалдарының қатысуымен мектеп ұжымы игі шара ұйымдастырылды.

Шара барысында ақсақалдар және мектептің ұжымы жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп, мектеп ауласына тал отырғызды. Бұл игі бастама – табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және көгалдандыруға бағытталған маңызды қадам болды. Сонымен қатар, үлкендердің өнегелі ісі балалардың бойында еңбекқорлық пен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.

Осындай тағылымды шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады.

#тазару күні

#Наурызнама

#СалауаттыӨмірСалты