С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

🌿 Ұлыстың ұлы күні – ізгі дәстүр жалғасы 🌿

🌿 Ұлыстың ұлы күні – ізгі дәстүр жалғасы 🌿

Биылғы Наурыз мейрамы қарсаңында 11-сынып оқушылары ұлттық дәстүрді жаңғыртып, үлкендерге құрмет көрсетудің тамаша үлгісін көрсетті. Олар ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарды арнайы шақырып, қасиетті Наурыз көже ұсынып, ақ баталарын алды.

Бұл игі шара – тек дастархан жайып, тағам ұсыну ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі болды. Үлкендер жастарға ақ тілектерін айтып, өмір жолында сәттілік пен береке тіледі.