Түркістан облысы, Отырар ауданы С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте қазақ халқының ұлы ағартушысы, қоғам қайраткері, ғалым, ақын, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы – тіл жанашыры» тақырыбында мектеп кітапханашысы
К. Әзімханова мен мектеп тәлімгері
А. Садуақасова, әдеби танымдық кеш өткізді.
Әдеби кештің мақсаты – ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, қазақ тілінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбегін насихаттау, жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, ақынның өлеңдері мен мысалдарынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар ғалымның қазақ әліпбиі мен тіл біліміне қосқан зор үлесі туралы тағылымды мәліметтер айтылды. ЖИ арқылы бейне баяндар жасап, таныстырылды.
«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген ұстанымымен ұлт тілінің мәртебесін биіктеткен Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы – бүгінгі ұрпаққа аманат, келешекке бағдар.





