С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Кітаптар керуені»

«Кітаптар керуені»

Түркістан облысы, Отырар ауданы

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары арасында «Оқитын сынып» жобасы аясында «Кітаптар керуені» атты жыл бойы оқылған кітаптардың шеруі ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға кітапханашы Әзімханова Клара апай мен сынып жетекшісі Орынбасар Арайлым жетекшілік етіп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.

Сонымен қатар, тәрбие жөніндегі орынбасары Ешенкулова Шолпан апай мен тәлімгер Нарбаева Ақерке апай оқушыларға жүрекжарды ізгі тілектерін білдіріп, білім мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, рухани дамуға қадам жасады. Бұл – кітаптың адам өміріндегі орны ерекше екенін тағы бір дәлелдеген мазмұнды кездесу болды.Кітап – білімнің кілті, рухани қазынаның қайнар көзі! ✨

#КітаптарКеруені #ОқитынСынып #РуханиДаму #МектепӨмірі