Түркістан облысы, Отырар ауданы, "С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" КММ 26.03.2026 ж күні кітапханашы Клара Әзімханованың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектепішілік мұғалімдер арасында "Кітапхан@" кітап оқу жобасының VІ- ші айналымы болып өтті. Мақсаты: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығармаларды сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру . Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау. Сайысқа:
1. Математика пәнінің мұғалімі, А.Жандарбек, Д. Исабековтің "Ескерткіш" кітабымен.
2. Үйірме жетекшісі А. Дүйсенбай, Д. Исабековтің "Сүйекші" кітабымен.
3. Үйірме жетекшісі Ұ. Құлтаева, Ш. Бейсенованың "Туған үйдің түтіні" кітабымен қатысты. Қатысушы ұстаздарымыз өте жоғары деңгейде қорғап шықты. Оқырмандардың жүрегіне жеткізе білді. "Кітапхан@" жобасының VІ - ші айналымын қорытындылай келе мектепішілік жылдық кезеңіне математика пәнінің мұғалімі Жандарбек Әйгерім апайымыз жолдама алды.
Оқырмандарымыз қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуын қаласақ кітап оқуға шақырамын.
# С. Ерубаев мектебі
# Кітапхан@ жобасы
#Адал азамат





