С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Кітап, Тарих,Шежіре"

Түркістан облысы Отырар ауданы С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте "Артық білім кітапта" апталығының өткізілуіне байланысты, 21.04.2026 жылғы күні мектеп кітапхансында 7-9 сыныптармен тарих пәні мұғалімдері Бердияр Сауран мен Жусипова Мақпал, кітапхана жетекшісі Әзімханова Клара апайдың ұйымдастыруы мен "Кітап, Тарих,Шежіре" тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс шараны өтудегі мақсатымыз оқушыларды о өз халқының терең тарихын зерделеуге баулу, кітап оқу арқылы тарихи сананы қалыптастыру және шежірелік мұраларымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Сондай-ақ, жас ұрпақтың рухани білімін кеңейте отырып, отансүйгіштік сезімін ояту.» бағытында

​«...оқушыларды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, ата-бабамыздан қалған шежірелік деректерді қастерлеуге баулу және тарих белестерін кітап беттері арқылы танып-білуге қызығушылығын арттыру.»

​Іс-шара барысында 7-9 сынып оқушылары тарихи кітаптардың құндылығы жайлы ой бөлісіп, шежіре деректерінің маңыздылығын талқылады. Бердияр Сауран мен Мақпал Жусипова

оқушыларға тарихты тек оқулықпен ғана емес, қосымша зерттеу еңбектері арқылы танудың жолдарын көрсетті.

#Балалар әдебиеті

#23- сәуір ұлттық кітап күні.

#"Артық білім кітапта"