С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебімізде оқушылардың тұлғалық дамуын, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында жекелей бағыттағы тәрбиелік жиналыстар өткізілді.Жиналысты ДТІЖО Ш. Ешенкулова апайымыз ашып, ұлдар ұйымының жетекшісі С. Бердияр, қыздар ұйымының жетекшісі Д. Айдарова және мектеп психологі Д. Мырзахметова сынып жетекшілер қатысты
«Ер баланың тұлғалық қалыптасуы: мінез, тәртіп, ар-намыс» тақырыбында өткен ұлдар жиналысында ер балаға тән жауапкершілік, тәртіптілік, өз ісіне жауап беру, үлкенді құрметтеу, ар-намысты биік ұстау мәселелері кеңінен сөз болды. Оқушыларға дұрыс мінез-құлықтың, өз-өзіне сенімділіктің және қоғамдағы ер азаматтың рөлінің маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Қыз өссе – елдің көркі» тақырыбында ұйымдастырылған қыздар жиналысында қыз баланың әдебі, инабаттылығы, өзін-өзі ұстау мәдениеті, ар-намыс пен отбасы құндылықтарын қадірлеу туралы тағылымды әңгіме жүргізілді. Қыз балалардың бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар ерте жүктіліктің алдын алу, қыз баласының жеке бас гиенасы жайында айтылды
Аталған жиналыстар оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына оң ықпал етіп, олардың саналы, тәрбиелі, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуына бағытталды.





