С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

#Қысқы Демалыс

С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары қысқы демалыс кезінде бос отырмай, пайдалы уақыттарын кітап оқуға арнады.

Кітап – білімнің қайнар көзі, ойдың азығы. Оқушылар демалыс уақытын тиімді пайдаланып, түрлі қызықты әрі танымдық шығармалармен танысып, өз білімдерін толықтырды.

Осындай игі бастамалар оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырып, рухани дамуына үлкен үлес қосады.

Кітап оқуды серік еткен оқушыларымызға алғыс айтамыз!

#Қысқы Демалыс