С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Біз таңдаған кітаптар"

"Біз таңдаған кітаптар" кітап көрмесі

Мектебімізде «Біз таңдаған кітаптар» атты кітап көрмесі мектептің аға тәлімгері А.Нарбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.

Аталған көрменің мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және өзара кітап алмасу арқылы рухани байлықтарын кеңейту.

Көрмеге оқушылар таңдаған түрлі жанрдағы қызықты кітаптың мазмұны мен маңыздылығы таныстырылды. Оқушылар өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, бір-біріне жаңа кітаптар ұсынды.

📖 Кітап – білімнің қайнар көзі!

#біртұтастәрбие

#бізтаңдағанкітаптар

#кітапкөрмесі