«Бекзат өнер иесі – ақиық ақын Бекарыс»
2026 жылдың 21 қаңтарында С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде айтыскер ақын, сөз өнерінің хас шебері Бекарыс Шойбековпен тағылымды кездесу өтті.
«Бекзат өнер иесі – ақиық ақын Бекарыс» тақырыбында ұйымдастырылған бұл рухани шараның мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтау, жас ұрпақтың поэзияға, айтыс өнеріне деген қызығушылығын арттыру болды. Кездесу барысында ақын өз өмір жолы, шығармашылық ізденістері, айтыс сахнасындағы қызықты сәттері туралы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шара барысында оқушылар ақынның суырыпсалмалық шеберлігіне куә болып, рухани азық алды. Кездесу жас өрендерге өнерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтарды қадірлеудің маңызын ұғындырды.
Осындай мазмұнды кездесулер өскелең ұрпақтың бойына өнерге, сөз құдіретіне деген құрметті қалыптастыратыны сөзсіз.





