С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Балалар басылымдары – кітапқа бастайтын жол»

Түркістан облысы, Отырар ауданы С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 3-4 сынып жетекшілері Р. Жумабаева мен Ж.Ахметова және мектеп кітапханашысы К.Әзімханова оқушыларды мектеп кітапханасы мен Қарғалы ауылдық кітапханасының бірлесуімен «Балалар басылымдары – кітапқа бастайтын жол» атты балалар басылымдарымен таныстыру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында “Алтын сандық ”,”Балдырған ”,”Мөлдір бұлақ”,”Ақылдым” т.б басылымдармен таныстырылып, олардың мазмұны туралы айтылды. Оқырмандар басылым беттеріндегі ертегілермен танысып, өлеңдер оқып, сөзжұмбақтар шешті.

Шара соңында оқырмандар өздеріне ұнаған басылымдарды оқуға алды.

#ҚРОқу ағарту министірлігі

#Балалар кітапханасы

#Ұлттық кітап күні

#РеспубликалықҒылымиПедагогикалық кітапхана

#Онкүндік

#Адал азамат