С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Балаға жайлы орта қалыптастыру»

С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп КММ де «Балаға жайлы орта қалыптастыру – ата-ананың басты міндеті» тақырыбында ата аналар жиналысы болып өтті. Жиын барысында МДТІЖО Ш. Ешенкулова « Қауіпсіз балалық шақ-жарқын болашық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Әлеуметтік педагог П.Пәсетов «Балаға жайлы орта қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқып. Осал топ оқушылардың критерийларын түсіндіріп, тәуекел топ, ішкі есепке алу ережелерімен таныстырды.

Баланың бақытты, сенімді, жан-жақты дамыған тұлға болып өсуі ең алдымен отбасындағы ортаға байланысты. Үйдегі жылулық, түсіністік пен қолдау – баланың өзін қауіпсіз сезінуіне негіз болады.

Ата-ананың мейірімі, баламен ашық әңгіме, оның пікірін тыңдай білу – тәрбие берудің ең тиімді жолы. Сонымен қатар баланың бос уақытын, әлеуметтік желі мен интернетті пайдалануын бақылау – қазіргі заман талабы.

Бала ата-ананың сөзінен гөрі ісіне қарап тәрбие алады. Сондықтан өзіміз үлгі болып, балаға жайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру – әрбір ата-ананың ортақ жауапкершілігі.

Бала бақытты болса – болашақ нұрлы болады!

#БалаТәрбиесі

#ЖайлыОрта

#АтаАнаныңМіндеті

#ОтбасыҚұндылығы

#БалаҚауіпсіздігі

#СаналыТәрбие

#БақыттыБала