С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Артық білім – кітапта» 2

Түркістан облысы Отырар ауданы С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп КММ-де 2–3 сынып оқушылары арасында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбындағы кітапханалық танымдық шара өз жалғасын табуда.

Іс-шара аясында оқушылар өздері оқыған кітаптарын таныстырып, мазмұнын айтып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп келеді. Балалар ертегі мен әңгімелер арқылы кейіпкерлер бойындағы адамгершілік, мейірімділік, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді талдап, өз ойларын еркін жеткізуге дағдылануда.

«Артық білім – кітапта» қағидасы негізінде басталған бұл игі бастама алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.