С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Артық білім – кітапта”

“Артық білім – кітапта”

Білімге құштар ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

Түркістан облысы. Отырар ауданы. С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебімізде Ашық есік күні аясында “Артық білім – кітапта” тақырыбында кітапханашы Әзімханова Клара апайдың ұйымдастыруымен 2 және 5-сынып оқушыларымен тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның ашылуын МТІЖО Ш. Ешенкулова ашып берді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-танымдық көкжиегін кеңейту және білімнің қайнар көзі – кітаптың маңызын насихаттау.

Кітап көрмелері таныстырылып, оқырмандармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, кітаптың адам өміріндегі орны жайында әсерлі пікірлер айтты.

📖 Кітап – сарқылмас қазына, рухани байлықтың бастауы.

Оқуға құштарлық – табысқа бастар алғашқы қадам!

#АшықЕсікКүні #АртықБілімКітапта #КітапОқу #БілімгеҚұштарҰрпақ