С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ананың аялы алақаны»

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларының

«Ананың аялы алақаны» атты челленджі

Ана – өмірдің шуағы, мейірімнің бастауы, жүректегі ең қымбат жан. Ана алақаны – әр баланың бақыты мен жылуы. Осы орайда С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары «Ананың аялы алақаны» атты челленджін ұйымдастырып, барлық аналарға деген шексіз алғысын білдіреді.

Бұл челлендж арқылы біз аналарымызға деген сүйіспеншілігімізді, құрметімізді көрсетіп, олардың мейірімі мен қамқорлығын әрдайым бағалайтынымызды жеткізгіміз келеді.

Құрметті аналар! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілейміз!