С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Анаға хат»

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары сынып жетекшісі Орынбасар Арайлымның ұйымдастыруымен «Анаға хат» тақырыбында әсерлі эссе жазды. Оқушылар өздерінің жүрек түкпіріндегі аналарға деген шексіз сүйіспеншілігін, құрметі мен алғысын жылы сөздер арқылы жеткізді.

Әрбір хатта ананың мейірімі, қамқорлығы мен бала өміріндегі ерекше орны туралы терең ойлар айтылды. Балалар аналарын мақтан тұтатынын, әрқашан қуантқысы келетінін жазып, анаға деген шынайы сезімдерін білдірді.

Бұл жұмыс оқушылардың ата-анаға деген құрметін арттырып, мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелейді.