С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Ана – өмірдің гүлі»

«Ана – өмірдің гүлі»

05.03.2026 ж күні 2-сынып оқушыларымен «Ана – өмірдің гүлі» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларды ананы құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу, анаға деген сүйіспеншілік пен алғыс сезімдерін арттыру.

Іс-шара барысында оқушылар аналар туралы тақпақтар айтып, әндер орындады. Сонымен қатар қызықты ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Тәрбие сағаты өте әсерлі өтіп, оқушылар аналарға деген жылы лебіздерін білдірді.

Сынып жетекшісі: Мүсірепова Эльмира