С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте 5-сынып оқушыларымен қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы Ахмет Жұбановқа арналған тағылымды іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ұлы композитордың өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның қазақ мәдениетіне қосқан зор үлесі туралы мағлұмат алды. Әсем әуендер шырқалып, өлеңдер оқылып, ұлттық өнерге деген қызығушылықтары артты.
Шараны ұйымдастыруға мектеп кітапханашысы Әзімханова Клара апай мен сынып жетекшісі Орынбасар Арайлым Қанатқызы үлкен үлес қосты. Оқушылар белсенді қатысып, өнерге деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді.





