13.04.2026 күні тарих пәнінің мұғалімі М.Жусипова 6-сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәні бойынша ақылдасу сабағын өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру, өткен тақырыптар бойынша меңгерілген білімдерін жүйелеу және кездесетін қиындықтарды анықтау болды.
Сабақ барысында оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдері сараланып, негізгі тарихи оқиғалар мен ұғымдар бойынша сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді. Мұғалім оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды және олардың пікірлерін тыңдап, кері байланыс ұйымдастырды.
Сонымен қатар, қиындық туғызған тақырыптар талданып, оларды меңгеруді жақсарту жолдары қарастырылды. Топтық жұмыс пен талқылау арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен тарихи білімге деген қызығушылығы артты.
Ақылдасу сабағының нәтижесінде оқушылардың біліміндегі олқылықтар анықталып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сабақ өз мақсатына жетіп, білім сапасын арттыруға оң ықпал етті.





