С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ақылдасу сабағы

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің әдістемелік жоспарына 14.04.2026 күні 6-сыныпта қазақ тілі пәні бойынша Р.Бектұрғанның сабағына ақылдасу сабағы өтілді. Сабақтың мақсаты – білім алушылардың оқу сапасын арттыру, олардың білім деңгейін саралау және оқу үдерісіндегі қиындықтарды анықтау болды. Сабақ барысында оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдері тексеріліп, қиындық туғызған тапсырмаларға ерекше назар аударылды. Мұғалім оқушылармен кері байланыс жасап, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың белсенділігі арттырылды.

Ақылдасу сабағы нәтижесінде оқушылардың біліміндегі олқылықтар анықталып, оларды жою жолдары қарастырылды. Сабақ өз мақсатына жетіп, білім сапасын арттыруға оң әсерін тигізді.