Ұлттық спорт – халқымыздың рухы мен болмысының айнасы. Бабадан қалған асыл мұра – бүгінгі ұрпақтың мақтанышы!
Осы айтулы күнге орай, мектебімізде ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі ойындары – асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды сайыстар өткізіліп, оқушылар белсенділік танытты.
Ұлттық спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, ол – тәрбие, батылдық, ептілік пен бірліктің символы. Осындай игі шаралар арқылы біз жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, салауатты өмір салтын ұстануға баулимыз.
Ұлттық рухымыз биік, дәстүріміз мәңгі жасай берсін!
#ҰлттықСпортКүні #Наурызнама #ҰлттықҚұндылықтар #СалауаттыӨмірСалты





