2 сәуір – Халықаралық балалар кітап оқу күніне орай тағылымды іс-шара
Түркістан облысы, Отырар ауданы, С.Ерубаев атындағы шағын жинақты білім беретін мектебінде 2 сәуір – Халықаралық балалар кітап оқу күніне орай тағылымды іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және кітап оқудың маңызын түсіндіру болды.
Мерекелік шара барысында оқушылар кітап туралы өлеңдер оқып, көріністер көрсетіп, ән айтып, өздерінің кітап жайлы өлең жолдарын айтты.
Іс-шараға қатысқан тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ешенқұлова Шолпан, тәлімгер Нарбаева Ақерке және ата-ана Жақыпбекова Хадиша апай оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, кітаптың адам өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті.
Шара сынып жетекшісі Мүсірепова Эльмира мен кітапханашы Әзімханова Клара апайдың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
Кітап – білім бұлағы, рухани қазына! Осындай игі іс-шаралар жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлығын арттыра беретіні сөзсіз.





